Жарақат алған ер адам 15 желтоқсан күні ауруханада көз жұмды. 

Ақтаудағы барлардың бірінде экс-прокурор төбелес шығарып, арты кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды.

Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, жанжал 10 желтоқсанда Ақтаудағы барлардың бірінде болған. Артынан төбелес шығып, жарақат алған ер адам 15 желтоқсан күні ауруханада көз жұмды. Күдікті ретінде бұған дейін прокуратурада жұмыс істеген ер адам қамауға алынды.

Күдіктіге қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айып тағылды.

Соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауда, – делінген прокуратураның хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!