Әкімшілік істерге экстерриториялдық соттылық енгізілді. Бұл дегеніміз – істі өзге өңірдің соты қарайды. Мысалы, Астана сотында қаралуы тиіс әкімшілік іс басқа қаланың сот қарауына жіберіледі.

Эксаумақтық соттылық — бұл істің заң бойынша тиісті аумақтық сотта емес, басқа аймақтағы сотта қаралу мүмкіндігін білдіретін құқықтық механизм.

Қазақстанда бұл жүйе сот процесінің объективтілігі мен ашықтығын арттыру үшін енгізілген.

Экс ауматтық сот бұған дейін азаматтық істе болған. Енді әкімшілік іске де енгізілді. Сот жүйесіне мұндай жаңашылдықты енгізу халық үшін тиімділігі зор. Себебі, әкімдікпен соттасатын қарапайым тұрғындардың құқығын қорғауға тағы да септігін тигізеді. Тараптар, шағымданушы сот пен жергілікті биліктің арасында ымыраластық бар деп күдіктенсе, істі басқа қаланың сотының қарауына жібере алады. Аймақты арнайы жүйе автоматты түрде өзі таңдайды.

А.Ысқақова,
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының
бас маман – сот отырысының хатшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!