Фото: Stan.kz

Күздің соңғы айы осы жұмада басталады. Қосымша демалыстардың болмауына қарамастан қарашадағы жұмыс істемейтін күндердің саны қазанмен бірдей – 9 күн. Қазақстандықтарға күздің соңғы айы қандай маңызды өзгерістер мен жаңалықтар ұсынып отыр? Stan.kz ақпарат агенттігі қараша айындағы маңызды жаңалықтардың тізімін жинақтады.

Өңірлерде электр энергиясының тарифтері өседі

Энергетика министрінің бұйрығымен шекті тарифтерге өзгерістер енгізілді. Осылайша еліміздегі кей өңірлерде 1 қарашадан бастап электр энергиясының тарифтері көтеріледі.

Бірінші топта Б.Нұржанов атындағы Екібастұз мемлекеттік аудандық электр станциясы-1 бар. Мұнда 1 киловат үшін 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге дейін төленеді.

Екінші топ (Еуразиялық энергетикалық корпорация) 1 киловат үшін 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін өседі. Төмендегі топтар бойынша да электр энергиясының тарифтері көтеріледі:

  • тоғызыншы топ (АҚ «Астана-Энергия») – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
  • 12-топ («Қазақстан алюминийі» АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
  • 18-топ («Степногорск» жылу электр станциясы) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
  • 28-топ («Жаңажол» газ турбиналық электр станциясы) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
  • 39-топ («З-Энергоорталық») – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
  • 48-топ («Казхром» трансұлттық компаниясы) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін төлем жасауы қажет.

Сонымен қатар тізімге жаңадан енгізілген компаниялардың тарифтері алғаш рет бекітілді:

  • 56-топ – 1 киловат үшін 43,92 теңге;
  • 57-топ – 56,63 теңге;
  • 58-топ – 26,08 теңге;
  • 59-топ – 22,56 теңге;
  • 60-топ – 3,07 теңге төлейді.

Бұл бұйрық 2024 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді.

Электр энергиясы тарифі мен көлікті сақтандыру қымбаттайды: 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгередіФото: pixabay.com

Жол ережесін жиі бұзған жүргізушілер үшін көлікті сақтандыру қымбаттайды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру заңнамасына абайсыз жүргізушілерді сақтандыру ережелерін қатайтуды қамтитын түзетулердің үлкен пакетін әзірледі. «Ашық НҚА» порталында жүргізушілерге қатысты жаңа ережелер жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 4 қарашаға дейін болады. Заң жобасының негізгі нормалары автосақтандыру туралы. 

Жобаға зер салсақ, жол ережесін бұзғандарға сақтандыру ақшасын көбірек төлеуге тура келеді. Сөйтіп сақтандыру ақшасы азаяды.

Жылдамдықты асыру, қарсы жолға шығу, қызыл жарықта өту, авариялық жағдай жасау, ақаулы автокөлікті басқару – бұлардың бәрі жүргізушілердің сақтандыру ақшасын төмендетуге негіз болады. Егер жүргізуші 3 немесе одан көп бұзушылық жасаса, оның сақтандыру класы қалыпты деңгейден бір деңгейге төмендетіледі.

Электр энергиясы тарифі мен көлікті сақтандыру қымбаттайды: 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгередіФото: nnmotors.ru

  • Ең төменгі сақтандыру класы – М2.

Мынадай жағдайда жүргізушілерге осы деңгей тағайындалады:

  • мас күйінде (соның ішінде бірнеше рет) автокөлік басқарса;
  • мас күйінде жол апатын жасаса;
  • адам өлімі немесе мүгедектікке себеп болған жол апатын жасаса.

Егер жүргізуші өз кінәсімен біреудің өліміне себепші болса, оның сақтандыру класы дереу М2-ге төмендетіледі. Енді тіпті оның бұрын жоғарырақ сақтандыру класына ие болғанына да қарамайды.

Заң жобасында барлығы 18 сақтандыру класы бар. Төменгі кластар жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын жүргізушілерге арналады. М2, М1 және М, одан жоғары нөлдік класс болады. Одан әрі А класы және он үш негізгі класс бар. Класс неғұрлым төмен болса, сақтандыру үшін соғұрлым көп төлеуге тура келеді.

Әрқайсысының сақтандыру шарттарын кестеден қараңыз:

Электр энергиясы тарифі мен көлікті сақтандыру қымбаттайды: 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгередіФото: Legalacts.egov.kz

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру ережелері өзгереді

Қазақстан Ұлттық банкі 2016 жылғы 31 тамыздағы №208 қаулысына өзгерістер енгізді. Бұл түзетулер ISO 20022 форматына көшуге байланысты енгізіліп, 2024 жылғы 11 қарашадан бастап күшіне енеді.

11 қарашадан бастап төлем тапсырмаларына келесі өзгертулер қосылады:

  • «Нақты төлеуші» – міндеттемені орындау мақсатында төлем немесе ақша аудару жүзеге асырылатын тұлға;
  • «Нақты (соңғы) бенефициар» – ақшаның соңғы алушысы немесе міндеттеме орындалатын тұлға;
  • Резиденттік елі.

Сондай-ақ банкке міндетті зейнетақы жарналарын (Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, өз мамандары үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары), әлеуметтік аударымдарды және медициналық сақтандыру төлемдерін төлейтін тұлғалардың тізімін ұсыну талабы алып тасталады. Бұдан былай осы төлемдерді бюджетке, кедендік төлемдерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және Медициналық сақтандыру қорына аудару кезінде банкке жиынтық төлем тапсырмасы ұсынылады.

Жаңартылған төлем тапсырмаларының реквизиттері туралы ақпаратты портал сайтынан алуға болады.

Әуежай инспекторлары электронды құжаттарды қабылдауға міндеттеледі

Қазақстанда жолаушыларды тексеру ережелеріне енгізілген жаңа өзгерістер бойынша, азаматтар электронды құжаттарды, яғни eGov mobile, Kaspi және басқа да электронды құжаттар сервисінен алынған құжаттарды, әуежайларда және теміржолда қағаз нұсқаларымен қатар пайдалана алады.

Көлік министрлігі қазір жолаушылар мен олардың заттарын тексеру ережелерін өзгерту бойынша жаңа талаптарды бекітіп жатыр. Бұл өзгерістер мемлекеттік деңгейде цифрланған құжаттарды қағаз түрінде ұсыну қажеттігін жою мақсатында енгізіліп отыр.

Жаңа бұйрық жобасы «Ашық НПА» сайтында 11 қарашаға дейін талқылауға қолжетімді.

Электр энергиясы тарифі мен көлікті сақтандыру қымбаттайды: 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгередіФото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі жаңа анықтамаларды eGov арқылы бере алады

«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізуді талқылау 11 қарашаға дейін жалғасады.

Өзгерістер күшіне енген жағдайда қазақстандықтар eGov арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болуы (болмауы) туралы анықтамаға тапсырыс бере алады. Қызмет тегін болады.

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салынады

14 қарашадан бастап энергетика министрлігінің бұйрығымен енгізілген сұйытылған газды экспорттауға тыйым салу күшіне енеді. 

Шектеу барлығына емес. Үш жағдай бойынша ерекшеліктер қарастырылған: 

  1. Президентпен бекітілген келісімшарт (салық тұрақтылығы 722-бап бойынша) негізінде жұмыс істейтін кен пайдаланушылардың экспорты;
  2. Қарашығанақ кен орнының шикізатынан өндірілген тауарларды Қазақстанның халықаралық келісімдеріне сәйкес экспорттау;
  3. Қазақстаннан тыс жерде басталып, сол жерде аяқталатын транзиттік тасымалдар.

Бұл шектеулер ішкі нарықта тапшылықты болдырмау үшін енгізіліп отыр. Пропан бағасы 2023 жылдан бастап өсіп келеді.

Министрлік бұл қадамды «жанар-жағармай материалдары нарығын тұрақтандыру» және Қазақстан мен көршілес мемлекеттер арасындағы баға айырмасын азайту үшін қажет деп атап өтті.

Электр энергиясы тарифі мен көлікті сақтандыру қымбаттайды: 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгередіФото: pixabay.com

Медеуде жаңа маусым басталады

1 қарашадан бастап Медеуде сырғанау техникалық режимде жұмыс істейді. Ресми ашылу 2 қараша, сенбі күні өтеді. Ашылу салтанаты 12:00-де басталып, 17:00-ден 20:00-ге дейін диско стиліндегі концерттік бағдарлама ұсынылады.

Маусымның басталуына байланысты «Медеуге» №12 автобус маршрутының жұмыс уақыты ұзартылады: аптаның күндері 08:00-ден 00:00-ге дейін, ал демалыс күндері 08:00-ден 01:00-ге дейін жүреді.

Билеттерді жақын арада ресми сайттан сатып алуға болады. Сонымен қатар онда сеанстардың бағалары жарияланады. 6 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, соғыс ардагерлері және басқа азаматтар үшін кіру тегін.

Электр энергиясы тарифі мен көлікті сақтандыру қымбаттайды: 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгередіФото: pixabay.com

Астанада қоғамдық көліктерге ай сайынғы талондар пайда болады

1 қарашадан бастап қаладағы экспресс-маршруттарда айлық төлем билеттері қолданысқа енеді. «Қала+Экспресс» пакеті айына 10 000 теңге, ал «Қала+Экспресс+қала маңы» пакеті 13 500 теңге тұрады. Жолақы билеттерді «City Transportation Systems» ЖШС кассаларынан және Kaspi қосымшасынан сатып алуға болады. Қазір қалада 5 экспресс-маршрут жұмыс істейді, бір сапардың құны – 250 теңге.

Алматыда да 1 қарашадан бастап жаңа №239 маршруты «Бауыржан Момышулы метро станциясынан Долан аулына дейін қатынауды бастайды. 18 автобус күн сайын 05:30-дан 23:01-ге дейін жүреді.

Электр энергиясы тарифі мен көлікті сақтандыру қымбаттайды: 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгередіФото: Stan.kz

Көлік дөңгелектерін ауыстырып үлгеріңіз!

30 қарашаға дейін Қазақстандағы барлық көлік иесі кем дегенде 3 айға дөңгелектерін қысқы мерзімге дайындап, ауыстырып үлгеруі қажет. Үлгермеген жағдайда 5 АЕК (18 460 теңге) және одан да көп айыппұл төлеуге болады.

2020 жылдан бастап ең танымал көлік дөңгелектерінің өлшемдері үш үлгі бойынша сатылады. 205/55 R16 шинасы 25 мыңнан 100 мың теңге аралығында сатылады.

185/65 R15 дөңгелегінің бағасы 18 мыңнан 53 мыңнан теңгеге дейін болса, ал 215/65 R16 моделіндегі шиналар 27 мыңнан 102 мың теңге аралығында сатылады.

Айта кетейік, айыппұл салу 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.Электр энергиясы тарифі мен көлікті сақтандыру қымбаттайды: 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгередіФото: pixabay.com

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!