Syrboyi.kz хабарлауынша, Қызылорда облысындағы студенттердің 35,7 пайызы жұмысшы мамандығы бойынша білім алып жатыр.
«Жұмысшы біліктілігі бойынша бізде техникалық мамандықтарымыз бар. Автомобиль көлігін жөндеу, автоэлектрик, автослесарь деген сияқты. Сонымен қатар электр монтаждау және IT мамандықтарына көп басымдық беріліп жатыр. Атап айтатын болсақ, электрмен қамтамасыз ету мамандығы бойынша бізде тіпті студенттеріміз іс-тәжірибеден өтіп жүріп жұмысқа орналасып кетеді. Президентіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл өте орынды. Жұмысшы біліктілік сапасының жоғарылауына және жұмысшы біліктілігінде оқып жатқан студенттердің мәртебесін көтеруге арналған бірден-бір мүмкіндік деп айтуға болады», – деді «Орда» жоғары колледжінің директоры Гүлжамила Досжанова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!