Электрондық хаттамаға қойылатын техникалық талаптар оның толықтығын, құрылымын және сапалы жаңғыртуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне  жәнек электрондық құжатқа қойылатын талаптарды, оны тіркеуге беру және бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда өткізілетін сот отырыстарының электрондық хаттамасына қойылатын талаптарды айқындайды.

Электрондық хаттама деп сот ісін жүргізу мақсатында сот талқылауының барысын дәл белгілеу үшін, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізуде нақты деректерді анықтау мақсатында пайдаланылатын сот талқылауының аудио-, бейнежазбасы танылады.

Электрондық хаттама Қазақстан Республикасы соттарының сот отырыстарын тіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы жасалған цифрлық аудио-, бейнетіркеуден (бұдан әрі – АБК АБТ) тұрады.

АБК АБТ сот отырысын өткізу барысында алынған аудио-, бейне материалдарды жазудың, өңдеудің және сақтаудың біртұтас жүйесі болып табылады.

Электрондық хаттама жасалған кезде сот отырысы залының жергілікті компьютерінде сақталады. Электрондық хаттаманың көшірмесі де облыстық деңгейдегі негізгі және резервтік серверде сақталады.

АБК АБТ электрондық хаттамасының толықтығы, құрылымы және сапалы жаңғырту үшін:

      1) техникалық бекітуді жүзеге асыратын, хатшының жергілікті компьютеріне сот отырысы залында орнатылған микрофондардан дыбысты және бейнекамералардан бейнежазбаны үздіксіз цифрлық жазу;

      2) сот отырысы хатшысымен электрондық хаттаманы одан әрі қарауды оңайлату үшін процеске қатысушыға сөз беру уақытын белгілеу мүмкіндігі;

      3) оптикалық дискіге немесе сыртқы электрондық тасымалдаушыға электрондық хаттаманы жазу мүмкіндігі;

      4) жергілікті компьютерден облыстық деңгейдегі серверге және жергілікті-есептеу желісі арқылы деректерді өңдеудің резервтік орталығына электрондық хаттаманы беру;

      5) келесі ақпаратты қамтитын шаблондар негізінде сот отырысының қысқаша хаттамасын автоматты түрде жасау:

      сот отырысын өткізу орны;

      сот отырысының басталу және аяқталу күні мен уақыты;

      істің нөмірі

      істің мәнінің қысқаша сипаттамасы;

      сот құрамы;

      сот отырысына қатысатын іс тараптары;

      процеске қатысушылардың дәлелдемесі түрінде ұсынылған қосымша материалдарда;

      процеске қатысушылардың сөз сөйлеген уақыт белгілері;

      электрондық хаттаманы құрайтын аудио және бейне файлдардың атауы, олардың мөлшері мен MD5 хэширлеу алгоритмі арқылы есептелген бақылау сомасы;

      6) тіркелген ақпаратты жазу режимінде де, сақтау режимінде де өзгерістер мен бұрмалаудан қорғау;

      7) компоненттердің жұмысқа қабілеттілігін аппараттық бақылау;

      8) сот отырысы залында орнатылған микрофондардан көп арналы аудио жазбаны қамтамасыз етеді.

      8. Электрондық хаттама серверлерде атауы автоматты түрде қалыптастырылатын және істің нөмірінен, сот талқылауын жүргізу күні мен уақытынан тұратын файлдар түрінде сақталады. Файлдар келесі форматтарға сәйкес келеді:

      1) бейне кодтау – MPEG4, XVID, WEBM, F1.V;

      2) дыбысты кодтау – MP3, Lame, AAC, WAV;

      3) бейне ажыратымдылығы кемінде 640х320.

Электрондық хаттаманың аудио бөлігі АБК АБТ-ның сот отырысы залында орнатылған әрбір микрофонынан жазылған жазбаны сақтайды. АБК АБТ судьялар мен сот отырысының хатшыларына әрбір жеке аудио файлды басқалардан тәуелсіз тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. АБК АБТ автоматты түрде барлық микрофондардан (микширленген аудио файл) жазбаларды біріктіретін аудио файлды, сондай-ақ сот отырысы залының бейне жазбасын және барлық микрофондардан жазбаны біріктіретін аудио-,бейне файлды қалыптастырады. Микширленген аудио-,бейнефайл электрондық хаттаманы жасау кезінде АБК АБТ қолданатын кодтау пішімдерін қолдайтын кез келген мультимедиалық құрылғыда ойнатылады.

Сот отырысы аяқталғаннан кейін электрондық хаттаманың ажырамас бөлігі ретінде оны сәйкестендіру және бүтіндігін тексеру үшін жеткілікті ақпаратты көрсететін оның қысқаша мазмұнының сипаттамасы автоматты түрде қалыптастырылады. Электрондық хаттама интеграциялау арқылы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі және істің басқа да электрондық материалдарымен бірге сақталады.

Сот отырысы хатшысының электрондық хаттамаға қол қоюы сот органының ақпараттық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңбаны куәландыру жолымен жүзеге асырылады.

А.Аймаханова
Қазалы аудандық сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!