Қазақстан Республикасында электрондық апостильді іске қосуға қатысты, келесіні хабарлайды.
2021 жылдың қаңтарынан бастап «Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.
Апостиль қою мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесі жеңілдетілді.
Е-Апостиль сервистік бағдарламалық өнімі шеңберінде электрондық апостиль алуға өтініштер қабылдау, электрондық өтініштерді өңдеу және электрондық апостиль қалыптастыру жүзеге асырылады, бұл өтініш берушілерге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн режимінде өтініш беруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет.
Азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық өтінішті және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Сканерленген құжаттармен қоса берілген электрондық өтініш Е-Апостиль апараттық жүйесінде тіркеледі. Келіп түскен құжаттарды қабылдауды, өңдеуді, тексеруді және дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның қызметкері онлайн режимінде жүзеге асырады.
Е-Апостиль ақпараттық жүйесі арқылы апостильдеуге жататын электрондық құжатта электрондық апостиль қалыптастырады және уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңба қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жібереді.
Электрондық апостильдің нәтижесі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған ресми құжаттың сканерленген көшірмесімен бірге апостиль бар электрондық форматта қалыптастырылады.
Электрондық апостиль нәтижесін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш берген кезде берген қорғау кодын қолдана отырып, апостильді жүктеу арқылы беріледі.
Электрондық апостиль мөртабанының астында электрондық беттің мекенжайына сілтеме көрсетіледі.
Шет мемлекеттің уәкілетті органы көрсетілген электрондық мекенжайда екі қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім) енгізу арқылы электрондық апостиль мөртабаны бар ресми құжатты тексеруді жүзеге асырады.
Апостиль қоюдың осы автоматтандырылған рәсімі азаматтарға мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.
Электрондық апостильдеудің басты артықшылығы апостиль шығаруға және оның түпнұсқалығын белгілеуге жұмсалатын шығындар мен уақытты қысқарту, апостиль қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдету, алаяқтықтан қорғауды арттыру, құзыретті органдардың жүктемесін азайту, құжаттарды жоғалту қаупін азайту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету және статистика жүргізуді жеңілдету болып табылады.
Электрондық апостиль – апостильді қою, жазу және тексеру үшін жылдам, қауіпсіз және қағазсыз процедураны енгізеді.
А.Жақсылық Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!