Фото: Massaget.kz/Nurzhan Rysbekov

Ішкі істер министрлігі өкілдері қазақстандықтарға эвакуация кезінде не істеу керегін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері ең алдымен дүрбелеңге берілмеуге шақырды. Одан бөлек те бірқатар кеңес берді:

  • сабыр сақтаңыз;
  • дүрбелеңге жол бермеңіз;
  • жеке құжаттар мен ақшаңызды алыңыз;
  • ғимараттан шығыңыз.

Егер пәтерде болсаңыз:

  • электр қуатын, суды және газды өшіріңіз;
  • пәтер есігін жабуды ұмытпаңыз, бұл мүлкіңізді ұрлық-қарлықтан қорғайды. «Ғимаратқа жауапты тұлғалардың рұқсатынан кейін ғана оралуға болатынын естен шығармаңыз!» – деді ІІМ өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!