Тоқты
Әріптестік қарым-қатынаста сақ болыңыз. Кикілжіңнен бойыңызды барынша аулақ ұстаңыз. Жақын арада іс-сапармен өзге өңірге шығасыз. Көп адамдармен танысып, дос қатарын көбейтесіз. Жұлдыздар денсаулыққа жіті мән беруге кеңес береді.
Торпақ
Жаман ойдан аулақ болыңыз. Сонда ғана денсаулығыңызға еш қауіп жоқ. Көп нәрседен күдіктеніп, өз-өзіңізге ауру шақырмаңыз. Күн суықта мейлінше жылы киініп жүру керегін ескерген жөн.
Егіз
Белсенділік танытып, барлық шаруаға үлгеремін десеңіз уақыт үнемдеңіз. Тек нақты тапсырмамен айналысыңыз. Аптада жақын жандарға көңіл бөлуді ұмытпаңыз.
Шаян
Айналаңызда қызықты оқиғалар орын алады. Жұлдыздар ешқайсысына араласпауға кеңес береді. Көпшілік ортада көзге түспеуге тырысыңыз. Шығармашылық жандарға апта тиімді болмақ.
Арыстан
Апта ерекше тосынсыйға толы. Өзіңіз жақсы танитын адамның ерсі қылық танытуы сізді таңқалдырады. Дегенмен ненің жақсы, ненін жаман екенін білетін уақыт келді. Достың да қастық жасайтынына көз жеткізесіз.
Бикеш
«Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген тәмсілді естен шығармаңыз. Аяқтан шалу кісілікке жатпайды. Жұлдыздар ешкімнің ісіне араласпауға кеңес береді, сонда ғана жұмысыңыз жеңілдейді. Сақ болыңыз.
Таразы
Аптада сәттілік серігіңіз болады. Кәсіби біліктілігіңізді арттырып қана қоймай, өзіңіз де өзгелерге білгеніңізді үйренесіз. Жұлдыздар жұмыс ауыстыруға кеңес береді. Бұл – жетістікке жетудің бір жолы.
Сарышаян
Жеке өміріңізде жағымды жаңалықтар орын алмақ. Бұл жағдай сізді ерекше қуанышқа бөлейді. Апта кәсібіңізді дөңгелетуге, жетістікке жетуге қолайлы болмақ.
Мерген
Егер артық салмақпен күресуді көздеп жүрсеңіз, спортпен шұғылданыңыз. Сонда ғана ойыңыз жүзеге асады. Салмақтан да арыласыз. Аптаны қызықты өткізу үшін жақсы жоспар құрыңыз.
Тауешкі
Арқаны кеңге салып, тыныштықта демаламын деп ойласаңыз, қателесесіз. Тапсырма көп, олардың барлығын тез орындау қажет болады. Сондықтан уақыттың қадірін біліңіз.
Суқұйғыш
Жер дөңгелек екеніне тағы бір мәрте көз жеткізесіз. Бұрынғы жақыныңыз сізге жақын жерден жұмысқа орналасады. Оны күнде көру керегіне қынжылмаңыз. Бұл келеңсіздік сізге тағы бір мүмкіндік сыйлайды.
Балықтар
Жұлдыздар өткен күнді ұмытуға кеңес береді. Сонымен бірге алғашқы махаббатты да ұмытқан жөн. Жүрегіңізді жаралаған адамды ойлай бермей, өмірге өзге көзқараспен қарау керегін ескеріңіз. Сонда ғана махаббатта жолыңыз болмақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!