Тоқты

Достармен қарым-қатынаста тоқтылар бел­сенділік танытады. Қызықты хабарлардан құлағдар етіп отыратын адамдармен танысасыз. Той-жиынға шақыру  келеді. Дәл қазір білім алу мен саяхаттау үшін таптырмас уақыт. Махаббат мәселесінде де жолыңыз болғалы тұр.

Торпақ

Жұлдыздар өзіңіздің ұстанымыңыз бен пікірі­ңізді соңына дейін қорғауға кеңес береді. Жақын­дарыңыз ойыңызды құптап, сізге жаңа мүмкіндіктер сыйламақ. Сонымен қатар доста­ры­ңыз­бен бірге жүріп, көңіл көтеретін қызықты күн күтіп тұр. Үйіңізде жасайтын мерекелік кештерге туыс­қан­дарыңызбен бірге достарыңызды да шақыруды ұмыт­паңыз.

Егіз

Бүгін өмірге жаңа көзқараспен қарауыңыз мүмкін. Бұл адамгершілік сынды терең ойлауды талап ететін мәселелерге қатысты болуы ғажап емес. Аталған әрекетіңізге соңғы күндері болып жатқан оқиғалар әсер етеді. Жан дүниеңіз толықтай өзгереді десек болады. Сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынас салқындамас үшін толықтай сенім артуды үйреніңіз.

Шаян

Қаржы табу тәсілі өзгереді. Жинаған қоры­ңыз­дың тең жартысын жұмсауға тура келуі мүмкін. Ден­саулығыңызды күтіңіз. Сүйген адамыңызды естен шығармағаңыз жөн. Ол сізден қолдау күтеді. 

Арыстан

Қоршаған ортаға деген көзқарасыңызды өзгертуіңіз керек. Мәселе досыңыз бен сүйіктіңізге қатысты. Сүйіктіңіздің қарсылығына түсіністікпен қараңыз. Өзіңізді оның орнына қойып көріңіз. Осы әрекетіңізден кейін ғана қарым-қатынастарыңыз жақсара түседі. Кей арыстандар романтикалық шытырман оқиғалардың бас кейіпкеріне айналады.

Бикеш

Отбасылы бикештер тізгінді жұбайына береді. Себебі дәл қазір өзіңізге деген күдік басым. Бұған дейін мықты көшбасшы болып келсеңіз де, жағдай өзгереді. Ал жалғызбастыларға апта барысында көп ұсыныс түседі. Бірнеше үміт­кердің бірін таңдау мүмкіндігіне ие боласыз.

Таразы

Денсаулығыңызға мән беріп, дәрігерге қаралыңыз. Спортпен белсенді түрде айна­лысу­ды ұмытпаңыз. Уақытылы ұйықтап, сала­уатты өмір салтын сақтанған дұрыс. Жұмыс пен демалатын уақыт арасында тепе-теңдік болуы тиіс.

Сарышаян

Сүйіктісі бар сарышаяндар апта ішінде ыстық сезімге ынтық болады. Қызғаншақтық мінез пайда болады. Отбасын құру туралы ұсыныс түсуі бек мүмкін. Алайда дәл қазір шаңырақ көтеретін уақыт емес. Бір-біріңізді қызғанып, артынша жанжал туындауы мүмкін. Ал отбасылы сарышаяндарда мәселе туындамайды.

Мерген

Парасаттылық күнделікті тұрмыста көп көмек­теседі. Сіз адамдармен жылдам тіл табысасыз. Маңызды шешім қабылдауда жүректің емес, ақыл­дың көмегіне жүгінетініңіз содан. Отбасылық өмірде аздаған қиындықтар туындайды.

Тауешкі

Бұған дейін қабылдаған шешімдеріңізді қайта қарап, өзгеріс енгізесіз. Дәл қазір өзіңізді жан-жақтылыққа баулып, кемелдендіре түсуіңізге болады. Бейтаныс адамдарға сырыңызды айтудан сақтаныңыз. Оларға жеке өміріңізге қатысты детальдарды жария етпеңіз.  

Суқұйғыш

Бұл жолы шешімді дұрыс қабылдайсыз. Бірақ қателіктерді түзетуді ұмытпаңыз. Сіз өзіңізге және өзгелерге сын көзбен қарай аласыз. Шешім қабылдауда өзгелермен ақылдасқаныңыз жөн, бірақ соңғы сөзді тек өзіңіз айтуыңыз керек. Жаңа таныстықтардан бас тартыңыз.

Балық

Қаржыны жаратуда  қиындық туындайды. Сол себепті ақшаға қатысты жоспар құрмағаныңыз жөн. Бойыңызда сенімсіздік басым болса да, шешімді өзіңіз қабылдап, өз бетіңізше жұмыс істеуіңізге тура келеді. Сүйгеніңізбен əр сөзге бола жанжалдасуды қойыңыз, қай жағдайдан да үндемей құтылуға болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!