Тоқты
Өзіңізге өте бағалы және дұрыс дүние табасыз. Көбіне ол дүние белгілі бір өткен нәрсемен байланысты болады, бір түсініксіз оқиғамен, сол күйі ашылмай қалған дүниемен. Енді соны жаңа көзқараспен бағамдап, жаңа ой түйесіз.
Торпақ
Өз ұстанымыңызға беріксіз. Қулық па, әлде қыңырлық па, соның арқасында алға жылжисыз. Бұл аптада немен айналыссаңыз да, сіздің табандылығыңызға сүйсінбеске болмайды. Өз ортаңызда көшбасшы боласыз. Елге шабыт бересіз.
Егіз
Дау-дамайға араласып, бір нәрсені дәлелдеуге құлқыңыз жоқ. Аптада сізге тыныштық пен шабыт маңызды. Сіз жанжалдан өз еркіңізбен қашасыз. Бірақ у-шу артыңыздан еріп отырады. Одан құтылудың жалғыз амалы – сапарға аттану.
Шаян
Өзгенің ниетін алдын ала сезіп, олардың әрекет етуінің алдын алады. Кез келген қарсылыққа, уысынан шығып кететін нәрсені сезіп тұрады. Ең бастысы, шеттен шығып кетпеу.
Арыстан
Өзіңізді бас кейіпкер деп санамаған жағдайға баға беруге шамаңыз келмейді. Осы аптада көп нәрсе түсініксіз. Жағдайдың «қалт-құлт» етіп тұрғанын сезесіз, оны жылдам шешу қиынырақ. Беделді адамның көмегіне жүгінесіз. Бірақ сіздің бәрін қиындататын шеберлігіңіз қарама-қайшылық туғызады.
Бикеш
Қазіргі жағдайды бұрын болып кеткен өзгерістермен қатар қойып салыстырасыз. Ол дамуға жетелейді. Көбісі әрекет етуге бел буады, өйткені көз алдында жарқын үлгі бар.
Таразы
Жағымды жаңалықтан гөрі қиындықтарға, кедергілерге тап боласыз. Тыныш өмірді аңсайсыз. Дегбіріңіз қашады. Ұсақ-түйек проблемалар пайда болады. Ол денсаулыққа, тұрмыстық жарақатқа, туыстардың мазасыздығына қатысты.
Сарышаян
Өзгелердің сізді таптап кетуіне жол бермейсіз. Жұрттың стратегиясы сізге қызықсыз. Өйткені онда еш тың дүние жоқ. Сырт келбетіңіз флегматик болғанмен ойыңыз жылдам, үнемі ерекше нәрсе іздеуден жалықпайсыз.
Мерген
Сырттан ұсыныстар мен кеңестерді жиі тыңдайсыз. Негізінде сізді кез-келген нәрсеге сендіру қиын, дегенмен басқалар бұл әрекетін тастамайды. Дәл қазір барлығы өз идеяларына сендіреді. Алайда бұл аптадағы кәсіби қызмет одақтастықта, байланыс орнатуда және жаңа байланыс жасауда сәтті.
Тауешкі
Сіз үшін жақынының, достардың қатысуынсыз өмір сүру мүмкін емес. Сізге сенімді серіктес қажет. Өз ойыңызды білдіру, тәжірибе алмасу қажеттілігі осы кезеңде өте күшті болады.
Суқұйғыш
Күтпеген жерден маңызды адамдар туралы ерекше ақпараттың иесі боласыз. Бұл сізді өткенге саналы түрде оралуға, бұрын жасалған таңдауда шешуші болған әрекеттеріңіз бен оқиғаларыңызды қайта қарауға мәжбүр етеді.
Балық
Кейінге қалдырса да, шешілуі керек мәселелерді әсірелеп көруі мүмкін. Осы кезеңде сіз кез келген қиындықты жеңе аласыз. Бұл әсіресе жұмыс, іскерлік қатынастар мен материалдық салаға қатысты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!