Тоқты

Әрбір істе сізді сәттілік күтіп тұр, тек өзіңіз білмейтін іске араласпаңыз. Өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалаңыз. Өзіңізге деген шектен тыс сенімділіктің салдарынан қиындықтар туындауы мүмкін.

Торпақ

Жеке басыңызды ғана ойлап, өз ісіңбен ғана айналыспауға тырысыңыз. Жақындарыңыз бен достарыңызбен араласу үшін де уақыт қал­дырыңыз. Сіздің немқұрайлығыңыздан қина­латын жақындарыңызды бір сәт ойлаңыз.

Егіз

Дұшпаныңыз сізді аяқтан шалуға тырыс­қан­мен өзі ыңғайсыз жағдайға қалуы мүмкін. Ал сіз өш алуға тырыспаңыз, сонда өзіңізді жақсы жағынан көрсетіп, абыро­йы­ңызды арттырасыз. Кәсіби салада өзгерістер болуы мүмкін. Ынтаңыздан айы­рылмаңыз, алған бетіңізден қайтпаңыз.

Шаян

Күйгелектік пен жабырқаулы көңіл-күйіңізді ескермесек, денсаулығыңыз жақсы деуге болады. Оны қалай нығайту керегін ойлаңыз. Аптада өзгерістер болып, жаңа адамдармен танысуыңыз мүмкін.

Арыстан

Сізді сәттілік күтіп тұр, тек күшіңізді дұрыс бағалап, серіктесіңіздің мүмкіндіктерін де ескеріңіз. Өзіңізге тым сенімді не сенімсіз болсаңыз, қиындықтар туындауы мүмкін. Жұлдыздар уақытты үйден тыс жерде, театрда немесе достарыңыздың үйінде өткізуге кеңес береді.

Бикеш

Таныстықтар мен шығармашылық кезде­сулер үшін қолайлы сәт. Сізді, көз­қарас­тарыңызды қолдайтын адаммен сөйлесуге тырысыңыз. Соның нәтижесінде шығарма­шылық әлеуетіңіз артады.

Таразы

Сізде зерігу, қанағатсыздық, ашушаңдық сынды сезім пайда болуы мүмкін. Ұрыс пен жанжал да орын алуы ғажап емес. Бойыңыздағы қырсықтық, менмендік, екіжүзділік сынды жағымсыз қасиеттерге көңіл бөліп, олардан арылуға тырысыңыз.

Сарышаян

Қаржылық операция үшін қолайлы уақыт. Мәмілеге келіп, басшылыққа адал болсаңыз, табыс табасыз. Жаңа серік­тестер пайда болуы мүмкін. Жаңа табыс көзін та­буыңыз ықтимал.

Мерген

Маңызды шаруаларды апта аяғына қалдырыңыз, сонда тепе-теңдік орнап, бәрі жақсы шешіледі. Апта ішінде жаттығу жасаған пайдалы. Жұлдыздар таза ауада серуендеуге, жұмысқа жауап­керші­лікпен қарауға кеңес береді.

Тауешкі

Жаңа таныстықтар орнатып, шығар­машылық кездесулер мен ойдағыны жүзеге асыру үшін таптырмайтын сәт. Қысқа уақытқа болса да қаржылық жағдайыңыз жақсарып, ісіңіз ілгері басады.

Суқұйғыш

Махаббат, кешірім, тәубеге келу аптасы басталды. Ғибадатханаға барған жөн. Өзіңізді кінәлі сезінсеңіз, кешірім сұраңыз, сізді ренжіткен адамды кешіріңіз. Аптада қиындықтарға қатты мән бермеуге кеңес беріледі.

Балық

«Жұмыс, қызмет» деп өзіңізді ұмытпаңыз. Айналаңыздағы адамдардан жасқанбай, баты­лырақ болыңыз. Ойыңызға келген мақсатты нақты жоспарлап, іске асырыңыз. Жаныңыз қалаған нәрсені жасауға ұмтылған артық емес.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!