Jusan Bank қызметкері қазақстандық әйелге мемлекеттік тілде жауап беруден бас тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған жағдай түсірілген видеоны Кай есімді азамат Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

“Клиент қазақша қызметті таңдады. Егер ол орысша білмесе, қазақ тілінде сөйлей алатын операторға жіберуі керек еді. Меніңше, олар халыққа қызмет көрсететін жерде мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге дайын болуы керек”, – деп жазды ол.

Желі қолданушысы жариялаған видеода әйел талонды қазақ тілінде алғанын, алайда банк қызметкері қазақша білмейтінін жеткізді.

“Нөмірді қазақ тілінде алдым. Алайда Брусенко Елена есімді қызметкер қазақ тілін білмейді. Тұтынушылардың құқығын қорғайтын заңның 24-бабы 1-тармағына (Сатушының (дайындаушының, орындаушының) міндеттері) сәйкес, маған қазақша қызмет көрсетуі керек”, – дейді әйел. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!