Хромтауда кәмелетке толмаған бала самокатпен жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Polisia.kz.
22 маусымда Хромтау қаласындағы Абай даңғылында көпқабатты үйдің ауласында Ssang Yong көлігінің 53 жастағы жүргізушісі самокатпен келе жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, 53 жастағы жүргізуші масаң күйде болмаған.
Аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы тұста Ақтөбе облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!