Қарағандыда балалар үшін автобуспен жүру тегін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қарағандыда 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер үшін қоғамдық көлікте жүру тегін болмақ. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселені пысықтауды тапсырды. Бұл шара әсіресе көп балалы отбасылар үшін үлкен көмек», –делінген хабарламада.
“Қарағандыда 7 жастан 18 жасқа дейінгі 110 мыңға жуық тұрғын бар. Автобустарды жаңарту мен электронды билеттердің енгізілуіне байланысты мен оқушылар үшін Қарағанды бойынша тегін жол жүруді қамтамасыз етуді тапсырдым”,- деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Өңір басшысы өзінің шешімі туралы № 44 апатты мектептің педагогикалық ұжымымен және оқушыларының ата-аналарымен кездесу барысында хабарлады.
1948 жылғы ғимарат қалпына келтіруге келмейді. Оның орнына жаңа оқу орнын салу жоспарлануда. Оқушылар мен мұғалімдер № 64 мектепке ауыстырылды. Ол 600 адамға арналған, сондықтан орын тапшылығы жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!