ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.

Бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген.

Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты.

Сонымен қатар, күдіктілер «Fresh», «Butterfly», «CrystalOrganic», «Траутвайт НОН киви» және «SkittyShop» Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған.

Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп- карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған.

Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Екі күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!