Енді шет елден үлкен көлемде тауар алдыратын болсаңыз кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз керек. Өйткені жеке тұлғаларға бір жылда бірнеше ғана зат сатып алуға рұқсат. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандықтар жеке тұлға ретінде шетелден санаулы зат ала алады. Мәселен бір жылда 1 көлік, 2 ұялы телефон, 1 компьютер және планшет пен велосипед сияқты тұрмысқа қажетті дүниелерді ала алады.
Егер белгіленген мөлшерден асып кетсе, 150 АЕК, яғни 590 мың теңге айыппұл арқалайды. Сондай-ақ тауардың салмағына да мән берген жөн. Себебі затыңыз белгіленген нормадан асса, тағы ақша төлейсіз.
“Шет елден келетін тауардың салмағы мен санына баса мән беру қажет. Мысалы тауар жүк тасымалдаушымен немесе халықаралық поштамен келсе, онда жүктің салмағы 31 келі, құны – 200 еуро (105 мың теңгеден астам). Егер сіз құны 500 еуродан асатын тауарларды әкелсеңіз, онда тауар құнының 30%-ы төленеді”, – деді қаржы министрлігі кедендік бақылау департаментінтінің бас сарапшысы Медет Меделбай.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!