Бүгін «Антикор-орталығында» брифинг болып өтті. Онда департамент басшысының міндетін атқарушы Асылхан Ашиков баяндама жасап, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында енгізілген «Бизнеске жол» жобасы аясында атап өтті.

Сала мамандарының айтуынша, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, аталған жоба негізінде жергілікті кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғау және бизнестің дамуына қалыптасқан негізсіз кедергілерді болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Апта сайын «Атамекен» палатасы алаңында кіші және орта бизнес өкілдерін жеке қабылдау жүргізілуде. Жалпы, жобаны іске асыру басталғалы бес жүз қырықтан астам кәсіпкерді қамтыған қырық бір кездесу өткізілді.

– Кәсіпкерлермен жиі көтерілетін мәселелердің ішінде, жер учаскелерін пайдалану мерзімін ұзарту, бизнес жүргізу барысында жергілікті атқарушы органдардан түрлі келісімдер алу, атқарылған жұмыстары үшін тиесілі қаражатын ала алмау мәселелер бар. Жалпы бүгінгі күні «Бизнеске жол» жобасы аясында жеті жүзге жуық кәсіпкердің заңды мүдделері қорғалып, жұмысының дамуына ықпал жасалды, – деді Асылхан Амангелдіұлы.  

Департамент аланыңында жауапты мекеме мамандары мен кәсіпкердің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Нәтижесінде кәсіпкер уәжі негізді танылып, жауапты басқармамен құжаттар қайта қаралатын болып шешілген. Сонымен қатар, кәсіпкердің заңды мүдделері шектелуіне байланысты жауапты бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Тағы бір мысал, өңірде сұйытылған мұнай газын бөлу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, бұл салада кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік кедергілер жасау белгілері байқалған.

Атап айтқанда, жергілікті кәсіпкерлер бірнеше ай бойы Энергетика министрлігімен қосымша бөлінген сұйытылған мұнай газ көлемін ала алмағаны анықталған.

Департаменттің зерделеу нәтижесі негізінде өтініш білдірген кәсіпкерлерге тиісті қосымша газ бөлінді. Мониторинг қорытындысымен тиісті хат жолданып, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында шаралар қабылдау ұсынылған. Осы секілді көптеген жұмыстар жүйелі атқарылып жатқаны атап өтілді.  

– Қазіргі таңда осы тектес мәселе бойынша 16 кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді. «Бизнеске жол» жобасы аясында жеті жүзге жуық кәсіпкердің мүдделері қорғалды. Алдағы уақытта, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Бизнеспен кері байланыс орнату, бизнес өкілдерінің өтініштерін жедел шешу мақсатында Департаментпен «ақпараттық QR-код» әзірленді. Кәсіпкерлер қандай да бір әкімшілік кедергілермен бетпе-бет келген жағдайда аталған QR-код арқылы автоматты түрде «WhatsApp» мессенджерге өтіп департаменттің жауапты қызметкерімен байланысып, шағымдарын онлайн-режимде жіберу мүмкіндігі бар. Аталған «QR-кодтар» жөнінде ақпарат, кәсіпкерлер жиі баратын, «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» мен мемлекеттік кірістер және басқа да ғимараттарда орналастырылған, – деді А. Ашиков.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!