«Кәсіподақтардың негізгі міндеті – еңбеккер мен жұмыс берушілер арасында туындайтын мәселелерді дер кезінде шешу, ал ол үшін кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдары барлық тараптармен тығыз ынтымақтастықта болуға тиіс. Бұл ретте жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік диалогтың жаңа түрлерін дамыту маңызды»,-демекші алдағы уақытта да жаңа қадамдарға толы кәсіподақ жұмысы қарқынды түрде дамиды.
Кәсіподақ комитеті қоғамымыздағы болып жатқан өзгерістерден шет қалмай ұстаздар қауымы мен жастардың әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда еліміздегі заң аясына сәйкес әлеуметтік, әріптестіктің үлгісін көрсетіп, ұстаз игілігіне өз күш жігерін жұмсап жүрген қоғамдық ұйым.
Осы тұрғыда №5И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейінде Кәсіподақ ұйымының 100 жылдығына орай «Кәсіподақ – күш, сенім, абырой» атты мектебіміздің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Гаухар Рақымжанова және кәсіподақ ұйым мүшелерінің жұмыс тобының ұйымдастыруымен 16-20 қыркүйек аралығындағы Кәсіподақ апталығының ашылуы болды.
Апталықтың ашылуында мектеп психологтары «Ой сізден, сыйлық бізден» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Әбішева Ақерке Мектеп фойесінде «Фотолар сыр шертеді» тақырыбында бейнеролик үзіндісін жасады.
Аймереке Бахуадин 10-11 сыныптар аралығында оқушылармен «Талғам. Таңдау. Мамандық. Еңбек орны» тақырыбында мектеп акт залында тренинг сабақ жүргізді. Біздің мектебімізде кәсіподақ ұйымының апталығы өз дәрежесінде, кәсіподақ мүшелерін серпілтетін қызықты ойын тренингтермен ашылып, ұстаздардың ризашылығына бөленді.Аталмыш мереке барысында 16 – 20 қыркүйек аралығындағы апталық жоспар бойынша 19 қыркүйек күні кәсіподақ мүшелері, Арыстанбеков Ержігіт пен Алмабаев Саят ұстаздар арасында «Көңілді эстафета» сайысын ұйымдастырды. Сайысқа мектебіміздің пән бірлестіктері бойынша біршама белсенді мұғалімдер қатысты. апталық жоспар бойынша 18 қыркүйек күні кәсіподақ мүшесі, әйелдер кеңесінің төрайымы Айпеисова Нурила «Отбасы тәрбиесіндегі ананың рөлі» тақырыбында ұстаз аналар арасында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты: Аналардың отбасындағы әйелдік рөлін айқындау; Ер адамның қазіргі таңдағы орны туралы, отбасындағы беделін арттыру туралы ой бөлісу;балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу жолдарын көрсету; Ұйымдастыру кезеңінде тренинг жүргізіліп, пікірталас тақырыбы ашылды.Ой жинақтау бойынша пікірлесіп, ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.Әйел – аналарымыз ішкі ойларымен бөлісіп, жастарға үлгі боларлық кеңестер айтылды. Ұстаз – аналар ретіндегі қиыншылық пен қызықшылық ортаға ашық айтылып, құнды пікір алмасқан мәнді отырыс болды. Сондай –ақжастар арасында дебат үйірмесі қолға алынып, жас ұстаздар арасында тартысөа толы дөңгелек алаңы өткізілді. Жалпы білім беру саласы болсын басқа мамандық болсын әрдайым кәсіподақ ұйымы мерекелерде бізді құттықтап, сый-құрметке бөлеп жүргені рас.
Қорыта айтқанда, бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметін жандандыру, кәсіподақ ұйымы мен кәсіподақ төрағаларының жұмыс берушілермен келісімді ынтымақтастықта жұмыс жасауларының алдыңғы қатарлы тәжірибелерін анықтау, кәсіподақ ұйымының жұмысына қызығушылықты арттыру және мәртебесін көтеру мақсатында атқарылатын жұмыстар мұнымен бітпек емес. Кәсіподақ ұйымының бүгіні мен ертеңінің еңбекке толы күндерін ауыз толтырып айта аламыз. Мерейой барша Сыр еліне құтты болсын. Берекелі кәсіподақ ұйымының ғұмыры ұзақ болғай!
Ақерке Балманова
№5-мектеп-лицей
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!