Алматы облысы Іле ауданы Жәпек батыр ауылында 2018 жылы туған бала суға батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайғылы жағдай кеше, 3 тамызда 19:00 шамасында орын алған. 

5 жасар бала досымен ойнап жүріп, абайсызда аяғы тайып кетіп, тереңдігі 3 метрлік Қосөзен каналына құлап кеткен. Оқиға орнына келген құтқарушылар оның денесін тек бір жарым сағаттан кейін, оқиға орнынан үш шақырым жерден тапқан. 

«Іздестіруге 4 құтқарушы мен 2 арнайы техника, оның ішінде Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының жүзу құралы және РОСО-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды» – деп хабарлайды Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті.  

Жергілікті тұрғындар каналдың бетін жабу керектігі туралы әкімдікке бірнеше мәрте барып айтқанын жеткізді. Алайда жергілікті билік өкілдері ешқандай шара қолданбаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!