Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде сотталғандар арасында «Шындықпен және әзілмен» тақырыбында карикатуралық жарыс ұйымдастырды.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жазасын өтеуші азаматтардың көңіл күйлерін позитивті күйге ауыстыра отырып, уақытты тиімді пайдалануға қалыптастыру. Сонымен қатар ұйымшылдыққа, бірлесіп әрекет етуге, өз қабілеттерін еркін көрсете білуге дағдыландыру.
Шара барысында жазасын өтеуші азаматтар «Күлеміз», «Біз мықты», тренинг жаттығуларына белсенділікпен қатысып, өз қабілеттерін көрсете білді.

  • Күлкі – өмірді ұзартады. Сотталғандар арасында көңіл көтеру үшін түрлі шара ұйымдастырамыз. Бұл сотталғандардың бір-біріне деген мейірімділігін артырады. Сонымен қатар, жақсы көңіл – күй сыйлайды, – деді мекеме психологы Шырын Нургалиевна.
  • Бұл жарыс өте қызықты тартысқа толы болды. Шара соңында алған әсерімді өлең жолдарымен бөлістім, – деді сотталушы А есімді азамат.
    Қорытындылау барысында белсенділікпен атсалысқан сотталған азаматтар алғыс хатпен марапатталды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!