Кассациялық соттарды құру-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен IX судьялар сьезінде жария етілген сот реформасының негізгі бағыты. Осы реформаның аясында елордамызда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық соттар құрылды.

1 шілдеден бастап елімізде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот жұмысын бастады.

Бұған дейін Жоғарғы Сот заңды күшіне енген шешімдерді қайта қарайтын негізгі инстанция саналатын. Енді ол міндетті кассациялық соттар атқарады. Кассациялық сот заңды күшіне енген сот актілеріне қатысты істерді қайта қарап, шешім шығарады. 

Кассациялық сот – сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды, сот практикасын зерделейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша төмен тұрған сот сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды.

кассациялық соттар сот шешімдерін қосымша тексеру арқылы заңдылық пен әділдікті орнатады. Бұл инстанция сот қателіктерін анықтап, дұрыс емес шешімдерді түзетуге мүмкіндік береді.

Жоғарғы Соттың жүктемесін азайту: бұрын кассациялық шағымдар тікелей жоғарғы сотқа берілсе, енді жаңа кассациялық соттар бұл міндетті өзіне алып, жоғарғы сот тек ең күрделі істерді қарастырады.

Кассациялық соттар сот шешімдерінің сапасын жақсартуға және заңдардың дұрыс әрі біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотта төрағасы және 37 судья;

​Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотта сот төрағасы  және 20 судья;

​ Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотта сот төрағасы  және 18 судья қызмет атқаратын болады.

Осылайша кассациялық соттар еліміздегі «Заң мен тәртіп» іргелі қағидатын бекіте отырып, заң үстемдігін қамтамасыз етудің тиімді буынына айналатынына сеніміміз мол.

Шиелі аудандық сотының сот әкімшісінің бас маманы Ж.Оспанов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!