Елімізде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап сот ісін жүргізудің барлық түрлері бойынша дербес кассациялық соттар құрылады.

Ұсынылып отырған кассациялық іс жүргізудің жаңа моделі Жоғарғы Соттың рөлін өзгертеді, оның негізгі мақсаты сот практикасын түсіндіру және біркелкілігін қамтамасыз ету болады.

Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар ғана жүзеге асырады. Жоғары сот органы жергілікті соттардың шешімдерін ерекше жағдайларда Жоғарғы Сот судьясының бастамасы бойынша қарайтын болады: егер шешімдер сот практикасына қайшы келсе немесе құқықты дамыту мүддесінде қайта қарауды талап етсе.

Кассациялық сотқа істер алдын ала қараусыз үш судьядан тұратын алқаға тікелей түсетін болады

Тәуелсіз кассациялық сот азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша тек Астанада ғана құрылады.

Кассациялық сотқа соттың қаулысына қанағаттанбаған тараптар аппеляциялық алқадан кейін шағымдана алады. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады.

Кассациялық сот – сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, төменгі органдар шығарған сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі болмақ.

Аталған сотта істің нақты және дәлелді жақтарын қарастырылмай, тек заңның дұрыс қолданылуы заң жүзінде тексерумен ғана шектелмек, сонымен бірге сот шешімдеріндегі нормалардың сақталуын тексеруге баса назар аударылады.

Кассация біркелкі нормаларды белгілеуге, заңнаманы түсіндіруге және үйлестіруге, сондай-ақ кейінгі істер мен сот шешімдеріне үлгі болатын жаңа прецеденттерді жасауға әсер етеді.

Кассациялық сот — бірінші және екінші сатылы соттар шығарған сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің құрылымдық бөлімі. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады.

Кассациялық соттың негізгі міндеті- сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз ету.

Кассациялық сот құқықтық жүйенің дамуына ықпал етеді. Соған сәйкес, елімізде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттырады.

Г.Мырзатаева

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!