Құқықтық мемлекет құрудың басты шарты – әділ сот төрелігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының сот жүйесінде маңызды буындардың бірі – кассациялық сот болып табылады.

Кассациялық сот – төменгі соттардың шешімдері мен үкімдерінің заңдылығын тексеретін жоғары сатыдағы сот органы. Оның басты міндеті – сот актілерінің бірыңғай және дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету, заңбұзушылықтарға жол бермеу.

Кассациялық сатыда судьялар істерді тек материалдық немесе процессуалдық заңдардың дұрыс қолданылғанын анықтау тұрғысынан қарайды. Бұл – істің мән-жайын қайта зерттеу емес, заң нормаларының әділ қолданылуын бақылау процесі.

Кассациялық тәртіп азаматтардың құқықтарын қорғауда ерекше рөл атқарады. Өйткені әрбір адам заңсыз немесе негізсіз сот шешіміне шағымдану мүмкіндігіне ие. Бұл – әділдік пен құқық үстемдігінің нақты көрінісі.

Қорытындылай келе, кассациялық соттың қызметі – сот төрелігінің сапасынарттыруға, заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Оның ашық әрі тиімді жұмыс істеуі – азаматтардың сотқа деген сенімін күшейтетін басты фактор.

Л.Әбдуәли,
Қызылорда қаласы
әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған сотының жетекші маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!