Фото: скриншот

Уақыт белдеуінің адам организміне әсері алдағы 3 жылда зерттеледі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Денсаулық сақтау министрлігі 3 жыл бойына қосымша зерттеу жүргізеді. Сағат белдеуін ауыстыру туралы шешім ғылыми зерттеудің нәтижесіне қарай қабылданады. Бұл сіздің де, менің де күнделікті тұрмыстық әдетімізге байланысты емес. Түнгі екіге дейін қыдырып, таңертең ерте тұратын адамдар үшін күн қысқа болады. Сондықтан мәселе көпшіліктің күнделікті әдеті емес, уақыт белдеуінің адам денсаулығына әсері қандай деген сұрақта болып отыр», – деді министр.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бізге берген сұхбатында уақыт белдеуінің өзінің жеке басына кері әсер еткенін айтқан болатын.

Көбіне шығыс өңірлерінен осындай арыздар түсіп жатады. Себебі күн ерте шығып кетеді, Астананың өзінде де, өздеріңіз байқап отырғандай, таң сағат төртте атады, сосын ерте батады. Егер шынында бұл біздің денсаулығымызға, басқа да, эконмикамызға әсері болатын болса, мәселені зерттеу керек.  Жеке басымызға  келсек, уақыттың ауысқаны маған да қиындық туғызады. Себебі ерте тұруға тура келеді. Сол жағынан қиындау болып тұр», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!