Достар! Жаңа Қазақстанның жарқын күндерінің негізгі тірегі – біз, жастармыз. Жастар -қоғамның қозғаушы күші. Елімізді өрге сүйреп, дамытатын жастардың өмір сүру дағдылары да жасампаз болуы шарт. Саламатты Қазақстанның салауатты ұрпағы – жастар оғаш қылықтардан аулақ болып, спортты жанына серік еткенде ғана дені сау тұлға болмақ. Біз есірткі деген есті алған ғасыр індетіне қарсы  жұмылған жұдырықтай бірге күрескенде ғана, тажалдың жолы кесіледі. Мыңдаған сананы улап, жас ғұмырды солдырған есірткінің салдарынан түрлі қылмыс орын алып, өрімдей жастар өмірмен қоштасты. Нашақорлық – қоғам дерті. Осы дерттің салдарынан мыңдаған  отбасы ұл- қызынан айрылып, қаншама бүлдіршін ата- анасыз қалып отыр.Еріксіз елтіген жастарымызды да есіртікіден бас тартуға, саналы, салауатты өмір сүруге шақырамын. Есіркіге бізбен бірге «Жоқ!» деп ұранда. Есірткі – заман мен адамның жауы, қоғам індеті.Мен ересектерге, жасөспірімдерге, жалпы адамзатқа өз тарапымнан және замандастарымның атынан үндеу жариялаймын. Қазақстанның басты байлығы – азаматтары десек, әр адамның денсаулығының қымбат екенін ұмытпайық! Есірткі тамырына бірге балта шабайық, әр күнімізді бағалайық, денсаулығымызды сақтайық!Мәңгілік елдің  ұрпақтары ұлтымызға жат нашақорлыққа қарсы бірге  күресейік! Деніміздің саулығы үшін, салауатты өмір салтының салтанат құруы  үшін нашақорлыққа жол бермейік!Есірткіні жою үшін спортпен айналысып, бос уақытты бағалайық.  Кемел келешегіміз үшін есірткісіз өмірді бірге таңдайық! Біз үшін есірткіге жол жоқ!

Ғасыр дерті, нашақорлық індеті, 
Адамзатты тосыннан кеп күйретті.
Ойсыратты  жас тағдырды , солдырды,
Жастарымды теріс жолға үйретті.
Бұл есірткі есті алған бір дауыл,
Үндеуіме құлақ ассын бар қауым.
Қоғам болып жұмылып біз қоямыз,
Есірткінің  жолын кесіп, тосқауыл!
Бейбіт Аянат
Қызылорда қаласы
Ж.Махамбетов атындағы № 43 орта мектебінің
9 сынып оқушысы
Жетекшісі: Асылбекқызы  Роза

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!