Кентауда жасөспірім қыздардың арасында жанжал болып, бір қыз жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Соққыға жығылған қыздың видеосын анасы жариялады. Сөзінше, баласын үш қыз ұрып кеткен. Енді ол кінәлілерді тауып, жазаға тартуды сұрайды. 

Ал полиция мәліметінше төбелеске қатысқандардың барлығы анықталған. 

«Кентау полициясына 16 маусымда ауруханаға дене жарақаттарын алған қыздың келгені туралы ақпарат түсті. Бұл дерек Кентау полиция департаментінде тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір тексеріс жүріп жатыр, оның нәтижесінде құқықтық баға беріледі», – деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Абдужаппарова. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!