Алматының бас мемлекеттік санитары Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиялогиялық ахуал не себепті өршіп кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бекшин пандемия басталғалы бері Алматы қаласында коронавирус инфекциясын 21547 адам жұқтырғанын және 1662 алматылықтан коронавирус пневмониясы анықталғанын атап өтті. Сөзінше, қалада 31 желтоқсаннан бастап коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кеткен.
«Алматы қаласындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай соңғы 4 күнде күрт нашарлады, күніне 125-132 жағдай тіркеліп жатыр. КВИ жағдайларын эпидемиологиялық тексеру барысында қоғамдық орындарда науқастардың 40%-ы, қоғамдық көлікте науқастардың 20% – ы, сондай-ақ ауырғандардың отбасылардың 28% – ы жұқтырғаны анықталды. Соңғы 3 аптада отбасылық іс-шараларда (той және отбасылық іс-шаралар ж.т.б.) сондай-ақ кинотеатрлар мен театрларға барған кезде жұқтырған жағдайларда тіркелді»,- деді Бекшин.
Бұған қоса, ол алматылықтар коронавирус індетін сауда объектілеріне (сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар) мен қоғамдық тамақтану орындарына бару және қоғамдық көлікті пайдалану кезінде жұқтырғанын алға тартты.
«Алматы қаласының департаменті әлеуметтік қашықтықты, маска-қолғап режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу қажеттілігі туралы халықты ескерту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Біз қызыл аймаққа сәйкес шектеу шараларын енгізу бойынша ҚР БМСД қаулысын міндетті түрде іске асыру шеңберінде жұмыс істейміз»,- деп қосты ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматының коронавирус ахуалы бойынша «қызыл» аймақта екені анықталған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!