Кітап сыйлау күніне орай мектебімізде «Кітап сыйла – ізгілік тарат» атты тағылымы мол, мазмұнды шара ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақты білімге құштарлыққа баулу.
Бұл игі бастама – білімге деген құрметтің, парасаттылық пен жанашырлықтың айқын көрінісі болды. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы акцияға белсене атсалысып, кітапхана қорын жаңа, мазмұнды кітаптармен толықтыруға өз үлестерін қосты.
Атап айтқанда, акцияға белсенді қатысқан ұстаздар:
Оразбаев Болат, Абдрахманова Жанайым, Алиасқарова Гүлнұр, Омарова Жанна, Қойшықараева Шолпан, Мықтыбаев Айбек.
Сонымен қатар, сынып жетекшілері мен оқушылар да зор белсенділік танытты:
2 «А» – Камаладинова Бахуткул
4 «А» – Әбілдаева Гаухар
2 «Б» – Тұрғанова Пакизат
4 «Д» – Кеңесбаева Айгүл
8 «А» – Кенжеева Жадыра
9 «В» – Әжібекова Индира
7 «А» – Маханова Ақерке
2 «Ә» – Қойшыбаева Гүлдана
8 «Ж» – Сұлтаниязова Клара
10 «А» – Рахманбердиева Нұрила
7 «И» – Дүйсенова Гүлдана
6 «Г» – Оспан Әсел
7 «Г» – Жолмырзаева Жанар
3 «Г» – Сайлауқызы Бекзат
3 «В» – Асанбаева Эльмира
7 «Ә» – Сәтенов Жеңіс
4 «Ж» – Бежекеева Жанар
6 «Ә» – Ешмаханова Райхан
6 «З» – Тілеубаева Жадыра
11 «Б» – Байкенжеева Қарлығаш
4 «Г» – Қали Төрегүл
5-сынып – Әбілханова Нұргүл
9 «Д» – Аппазова Гүлжахан
Әрбір сыйға тартылған кітап – оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін, қиялын дамытатын, рухани әлемін байытатын баға жетпес қазына. Кітапхана қорына қосылған жаңа туындылар балалардың білімге деген ынтасын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.
Кітап сыйлау – жай ғана акция емес, бұл – жүректен шыққан ізгілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі.
Ізгілік эстафетасы жалғасын тауып, кітапқа деген сүйіспеншілік әр жүректе мәңгі сақталсын!


Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!