М.Шоқай атындағы №187 IT мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі Ж.Рахменованың ұйымдастыруымен «Кітап сыйла – ізгілік тарат» атты игі дәстүрге айналған рухани шара ұйымдастырылды. Аталған акция аясында мектебіміздің түлектері Сатығулов Алишер мен Мейірбек Ғалымжан өз қаражаттарына мектеп кітапханасына мазмұнды әрі құнды кітаптар сыйлады. Өздерінің білім ордасына рухани мұра ретінде авторы Санжар Керімбай мен Әділбек Нәбидің «Өзбекәлі және мәдени майдан», «Қаныш және ғылыми майдан», «Жұмабек және жер майдан» кітаптарын сыйға тартты. Бұл игі іс – өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беріп келген мектепке деген алғыс пен құрметтің белгісі. Сыйға берілген әр кітап – болашақ оқырманға жол тартқан қымбат қазына.

Осы игі бастаманы жоғары бағалаған мектеп әкімшілігі түлектерді арнайы Алғыс хатпен және марапатпен марапаттады. Бұл – түлектер еңбегінің лайықты бағалануы әрі ізгі істердің әрдайым қолдау табатынының айғағы.

Бұл ізгі іс – туған мектепке деген алғыс пен құрметтің, білім мен кітапқа деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Сыйға тартылған кітаптар кітапхана қорын толықтырып қана қоймай, жас оқырмандардың рухани дамуына, білім көкжиегін кеңейтуге зор үлес қоспақ.

Кітапхана – білімнің қайнар көзі, ал кітап сыйлау – болашаққа салынған рухани инвестиция. Осындай өнегелі іс арқылы түлектер кейінгі буынға үлгі көрсетіп, игі дәстүрдің жалғасуына жол ашты.

Мектеп ұжымы мен кітапхана ұжымы түлектерге алғыс білдіре отырып, мұндай қайырымды бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімде.

Жайна  РАХМЕНОВА,
М. Шоқай атындағы
№187 ІТ мектеп-лицейініңкітапхана меңгерушісі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!