Кейде ең керемет идеялар жай ой болып, қағаз бетінде ғана қалады. Себебі… код жазу білмейміз немесе күрделі нейрожүйелерді қолдана алмаймыз. Міне, дәл осы олқылықтың орнын Ернұр Қанаттың «ProjectZero AI» жобасы толтырады.

Жақында Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда университеті Жасанды интеллект инсти­тутының екінші курс студенті Ернұр Қанатпен таныс тық. Түрлі жоба мен жарыста көзге түскен жас таланттың кезекті баста­масы − «ProjectZero AI». Бұл платформа − ойыңызды нақты веб­қосымшаға айналдыратын интеллектуалды жасанды интел­лект.

Яғни идеяңызды жүзеге асы­ру үшін бағдарламалауды білудің қажеті жоқ. Тек идеяңызды сипат­ тап бересіз немесе қолмен салған эскизді жүктейсіз, ал жасанды интеллект оны толық функци­оналды веб­қосымшаға айнал­дырады. Кереметі − қарапайым пайдаланушылар да өз ойларын нақты өнімге айналдыра алады.

− Адамдардың 99%-­ында керемет идея бар. Бірақ оларды жүзеге асыра алмайды, себебі код жазуды білмейді. Ал басқа нейрожүйелер қарапайым пай­даланушылар үшін тым күрделі немесе тек әдемі көрінетін, бірақ нақты сайт сияқты жұмыс істемейтін нәтижелер жасай­ды. Осындай кезде біздің жоба арқылы жұмыс істеуге болады. «ProjectZero AI» жұмыс істеуге толық дайын, − деді ол.

Сонымен қатар платформада ерекше редакциялау функциясы бар. Мысалы, сайттағы бір ғана батырманы өзгерту қажет бол­са, жасанды интеллект тек сол батырманы өзгертеді, сайттың қалған бөліктерін бұзбайды. Бұл пайдаланушыға икемділік пен уақыт үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Сөз барысында Ернұр жа­қын арада жоба арқылы әлемдік нарыққа шығу үшін инвестиция тартуды жоспарлап отырғанын айтты. «Командамен бірге әлемдік деңгейдегі ауқымды AI өнімдерін Қазақстанда да жасауға болатынын дәлелдегіміз келеді», − деп сөзін түйіндеді.

Бүгінде әлемде технология дамыған сайын мүмкіндік те ар­тып келеді. Ең бастысы – ойдан қорықпау, жаңа бастамаға қадам жасау. «ProjectZero AI» соның дәлелі іспетті.

Бұған дейін ол «Hub Tech ІТ» жобасының «миы», яғни python әзірлеуші әрі жасанды интеллект инженері ретінде жұмыс істеген. Оның алгоритмдері күрделі есептерді жеңілдетеді, ЖИ­-дың нақты нәти желі болуына, деректерді дұрыс өңдеуіне жау­апты болды.

Сонымен қатар былтыр қазақ руханияты мен заманауи техно­логияны біріктіретін тың жоба – «Абай» атты жасанды интел­лект жүйесін әзірледі. Жобаның мақсаты − Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен философиялық мұрасын жасанды интеллект арқылы жаңғырту, сондай­-ақ қазақ тіліндегі тілдік модельдерді дамыту. Бұл бастама арқылы қазақ әдебиетін, мәдениетін және ойшылдық дәстүрін циф­рлы дәуірге сай бейімдеп, жас ұрпаққа түсінікті әрі қолжетімді формада ұсыну. Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының қырық алтын­ шы қара сөзі цифрлы форматта жасалып, оны жасанды интеллект көмегімен Абай бейнесіне салды.

Бұл жоба Абайдың қара сөздерін заманауи тілмен түсіндіреді, шығармалары мен ойларын философиялық тұр­ғыда талдайды, қазақ тіліне негізделген табиғи тіл модель­дері арқылы сұрақтарға жауап береді, оқушылар мен студенттер үшін пайдалы танымдық көмекші бола алады және қазақ тілінің IT­саласындағы дамуына нақты үлес қосады.

Інжу МАРЖАН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!