Көкшетау қаласында 9 жасар қыз өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиғаның болғанын Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі растады және қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың қайтыс болғаны туралы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда қыздың өзіне қол жұмсағаны туралы айтылады. Бөлмеде асылып тұрған қызды әкесі көріп, ауруханаға жеткізген.

Алайда, дәрігерлер қыздың өмірін сақтап қала алмады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!