Фото: видеодан алынған кадр

Көкшетауда су құбыры жарылып, 20-ға жуық үй судан ажыратылды. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр деп хабарлайды KAZINFORM ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктен мәлім еткендей, апат Ақан сері, 172 мекенжайында орналасқан «Табыс» дүкені аумағында болған.  

Алдын ала анықталғандай, тозығы жектен шойын құбыры жарылған. Апат орнында қала әкімі Бауыржан Ғайса жүр.

«Апаттың салдарынан су құбыры желісі бойындағы Ақан сері-Елемесов көшесі д-300 мм, Ақан сері-Ғабдуллин д-200, Ақан сері-Пушкин д-50 мм қақпа клапандары жабылып, Ақан сері көшесінің Елемесов көшесінен Пушкин көшесі аралығында орналасқан 20-ға жуық көппәтерлі тұрғын үй судан ажыратылды. Апат орнында «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының мамандары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарына барлығы 5 адам мен 5 техника жұмылдырылған», – деп түсіндірді қалалық әкімдіктен.

Еске салайық, бұдан бұрын Степногорде ЖЭО апат болып, тұрғындар жылусыз және электр жарығынсыз қалған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!