Өңірде боран салдарынан жолдар да жабық тұр.

Фото: 716.kz
Көкшетауда алаңда құрылған бас шырша қатты жел салдарынан құлағалы тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жергілікті 716.kz сайтының жазуынша, бүгін кешке өтуі тиіс шыршаның шамдарын жағу шарасы кейінге қалдырылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жаңа жылдық шыршаны жағу кейінге шегерілді. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі,-делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ боран салдарынан Қостанай облысының Лисаковск қаласындағы бас шырша құлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!