Фото:depositphotos.com

Ақмола облысында 1999 жылдан бері Көкшетаудағы психоневрологиялық диспансерде жатқан, есінен айырылған ер адамның туыстары іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұл адам 1999 жылдан бастап Көкшетауда психоневрологиялық диспансерде жатыр. Ол туралы ешқандай дерек жоқ, өзінің де ештеңе есінде жоқ», – деп жазылған хабарламада.

Еріктілер ер адамды білетін туыстарын немесе таныстарын іздейді. Танығандардан мына нөмірлерге хабарласу сұралды: 8 702 531 80 19немесе 8 775 085 03 15.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!