Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Щучинск қаласы бағытындағы мұсылман зираты аумағынан жасырылған атыс қару-жарағын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ-нің мәліметінше, орыннан «НЦ-12» маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, «Сайга-410» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 36 және 9 калибрлі патрондар тәркіленді.

Табылған мылтықтар мен патрондар сараптамаға жіберілді. Тексеру барысында иесі анықталды. Ол 48 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам 2015 жылы полицияға қарудың жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген.

Қаруды жоғалту немесе ұрлау иесін әртүрлі жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, дереу полицияға хабарлау қажет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!