2001 жылы 5 қаңтар күні Жарма мен Көкпекті аудандарының арасында қамалып қалған көліктегі қарт кісілерді құтқарған капитан Жәлелхан Мұрымбаевты әріпестері сағынышпен еске алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, Жәлелхан Мұрымбаев сол күні, яғни, 2001 жылдың 5 қаңтарында Өскемен қаласынан өзінің ауданына қарай бет алған. Қалың қар жауып, боран соққан, оның арты қатты аязға ұласқан күні аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері мінген көлік жол ортада сынып қалған екен.

«Бұны естіген капитан Жәлелхан Мұрымбаев оқиға орнына өз көлігімен жеткен. Үлкен кісілерді қызметтік көлігіне мінгізген соң, өзі ауданға қарай жаяу бет алған. Себебі, көлік ішінде адам мінетін орын қалмаған. Боранның қаттылығы сондай, Жәлелхан Мұрымбаев адасып, өкінішке қарай, мерт болған», – деп жазады басылым.

33 жастағы Жәлелхан Мұрымов биыл тірі болса 57 жасқа толар еді. Оның артында бір ұлы, жары қалған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!