фото: drive2.ru
Қыстыгүні көлік нөміріне қар қатып қалса да айыппұл салынады. ІІМ жүргізушілерге шұғыл үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қыста кейбір көлік жүргізушілері көліктерінің нөмірлерін тазалауға салғырт қарайды. Мұндай көлік жүргізушілеріне ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі («Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу») бойынша айыппұл салынады.
«Оқылмайтын немесе сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлері (белгілері) орнатылған көлікті жүргізу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», – деп жазылған бапта.
2025 жылға бекітілген 1 АЕК – 3 932 теңгеге тең. Осылайша, көлік нөмірін қардан тазаламаған жүргізушілер 19 660 теңге айыппұл төлеуге тура келеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!