Кеше Сырдария өзенінің сол жағалауында иесіз тұрған «Mercedes» автокөлігі түгі қалмай жанып кетті.

Төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға туралы хабар жергілікті уақытпен сағат 20-10 шамасында келіп түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 20.20-да жетті. Анықталғаны, олар барған сәтте «Mercedes» автокөлігі толығымен жанып жатқан. Сағат 20.26-да өрт толығымен сөндірілді. Оқиға маңында автокөлік иесінің жоқ екені анықталды», – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері де келіп жетті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Кейіннен көлік иесінің кім екені анықталды. Ол қаладағы Бөкейхан көшесінде тұратын 1998 жылы дүниеге келген азамат болып шықты.

«Аталған дерек «Ақпараттарды есепке алу кітабына» тіркелген. Өрттің шығу себебін анықтау үшін құжаттар қалалық төтенше жағдайлар басқармасына жолданған» деп хабарлады Қызылорда қалалық полиция басқармасы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!