Ұлттық тестілеу орталығы білім гранты конкурсында жеңілдетілген санаттарға бөлінген квотаның үлесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2022 жылғы квота мөлшері:
– жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1%;
– I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1%;
– жеңілдігі мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;
– ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ талапкерлерге (қандастар) – 4%;
– кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасы балалары үшін – 5%;
– кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1%;
– бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары үшін – 1%.
Жеңілдігі бар оқуға түсушілер керек анықтаманы құзыретті органдардан алады.
– Ауыл квотасы – 35%.
«Айта кетейік, ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер Сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады. Қосымша мәселелерді ЖОО-лардың қабылдау комиссиясынан сұрап білуге болады» дейді орталықтан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!