Қызметкерлердің жедел әрекеті ықтимал апаттың алдын алды!

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жылу беру маусымына орай рейд барысында Қызылжарма ауылдық округіндегі Жахаев көшесі №13 мекенжайында орналасқан көп балалы отбасының үйінен өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын Қызылорда қаласы, Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері О.Тұрсынбаев, Ш.Саңғылбаев, Е. Есенгелдиев, Бейбіт Нұржан профилактика жүргізу барысында газ иісі анықталды.

Оқиға орнына барған мамандар дереу 104 апаттық қызметіне хабар беріп, пеш сөндіріліп, үй желдетіліп тұрғын үйдің қауіпсіздігі қамтамасыз етті. Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде тұрғындардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіп төнген жоқ.

Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, уланудың алдын алу мақсатында арнайы датчик орнатылды.Құрметті тұрғындар! Газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыздар! Күдікті иіс сезсеңіз, бірден 104 нөміріне хабарласыңыз!

Көпбалалы отбасының үйіндегі газ қаупі уақтылы тоқтатылды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!