С.Ысқақов атындағы колледжде жалпы жұмысшы мамандықтары бойынша 16 ірі кәсіпорын мен мекемемен келісімшарт жасалған, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

«Келісімшартты біз әр жыл сайын жасап, жаңартып отырамыз. Онда мекеменің талаптарын ескере отырып, пункттерге қосамыз. Ол келісімшарттарда біздің бітірушілерді әр мекеменің сұранысына қарай жұмыспен қабылдау да қарастырылған. Биылғы жылы колледжд 230 бала аяқтаса, олардың 72 пайызы жұмысқа орналасты», – деді С.Ысқақов атындағы колледж директоры Әлия Досмаханова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!