Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен қызды іздестіріп жатыр.

Валерия Ефанова 2 қарашада сағат 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, қазіргі уақытқа дейін оралмаған.

Үстінде ақ түсті күрте, аяқ киімі ақ, ақшыл түсті сөмкесі бар.

Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығын дейін.

Қыздың орналасқан жері туралы ақпарат білетіндер аймақ полициясына телефон арқылы хабарлай алады: +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!