Жүріп қайтыңыз, әлеуметтік желіні тексеріңіз, әріптестермен әңгіме айтыңыз. Бастысы – экранға қарамаңыз.

Қазір көптеген адам компьютер алдында ұзақ уақыт тапжылмай отырып, жұмыс істейтіндіктен, түрлі мәселелермен бетпе-бет келіп жатады. Соның бірі — арқаның ауры, бас ауруы немесе миға оттегінің жетіспеуі. Осыған байланысты түрлі белгілердің қосындысын «кеңсе синдромы» деп те атайды. Әрине, бұл тек кеңседе ғана емес, үйде отырып та туындауы мүмкін

Компьютер алдында ұзақ отырғанда ағзада қандай өзгерістер болады?
– Құрғақ көз синдромы: қызару, шаршау, құрғақтық, көздің қышуы және ашуы.
– Гиподинамия: мойын, арқа және аяқ-қолдардың ауырсынуын, жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуын және кейбір жағдайларда мигреньді тудырады.
– Тамақтанудың бұзылуы: тәтті қосылған шай, жолда сатып алған жеңіл тағамдар және «миды ынталандыру үшін» тәттілерді пайдалану қандағы глюкозаның жоғарылауына әкеледі, аштық сезімін тудырады және май қорына жиналады.
– Туннель синдромы: аяқ-қолдың ауырсынуына, қолдың әлсіздігіне, шаншуға, қолдың ісінуіне, көздің бұлыңғырлығына әкеледі.
– Нашар қан айналымы аяқтың варикозын тудырады.
– Қызметкердің тиімділігі төмендейді: адамға демалу қиын, өмір сапасы төмендейді.

Шешу жолдары
Бұл мәселе тек жұмысшыға ғана емес, жұмыс берушіге де қатысты. Сол себепті «кеңсе синдромынан» арылу үшін екі жақтан да жұмыс істелуі тиіс.  

Егер сіз жұмысшы болсаңыз:
1. Жұмыс кестесін реттеңіз
Жұмысыңызда қашықтан жұмыс істеу, жарты күндік жұмыс кестесі немесе  кем дегенде сағатына бір рет үзіліс жасау мүмкіндік бола ма біліңіз.  Осы уақытқа дейінгі әлемдегі жағдайлар қашықтан жұмыс істеу, жұмысқа барып-келуге артық уақыт жұмсамау, кез келген жерден жұмыс істеу істің тиімділігі мен өнімділігіне кері әсерін тигізбейтінін көрсеткен болатын. 

2. Жұмысты бөліп істеу
Әдетте кеңседе жұмыс істейтіндер «істі аяқтайын — сосын демаламын» деген ұстаныммен өмір сүреді. Бірақ ортасындағы демалыс ұзақ болмау керек, ондай жағдайда жұмысты жалғастыру қиын болады. Демалып жатқандай көрінгеніңізбен, бар ойыңыз аяқталмаған істе болады. Сол себепті шаршайсыз.  Демалыс неғұрлым аз әрі жиі болған сайын, жұмыс та өнімді бола түседі.

3. Дұрыс тамақтаныңыз
Пайдалы тамақтану арқылы денсаулықты бір қалыпты сақтап қана қоймай, күнделікті ағзадағы энергия көлемін реттестіруге болады. Күнделікті тағам рационында ет, дәнді дақылдап, жемістер мен көкөністер болуы керек. Кеңседе жұмыс істейтіндерде әдетте уақытылы тамақтануға мүмкіндік болмайды. Ондай жағдайда адамның асқазан жұмысы бұзылады. 

4.Көбірек қозғалу
Ешқайда барудың қажеті жоқ болса да, сәл жүріп қайту үшін далаға шығыңыз. Көрші кабинеттерге барып қайтыңыз немесе кофе алу үшін баруға да болады. Бірақ жүріп-қайтудың жолдарын табыңыз, жиі қозғалыңыз. 

5. Ойды алаңдатыңыз
Бір іске бар назарды аударып отыру кейде шешімнің табылуына емес, керісінше ойдың шатасуына әкеледі. Егер компьютерден ұзақ уақыт алыстамасаңыз, бр уақыт демалып алуды естен шығармаңыз. Жүріп қайтыңыз, әлеуметтік желіні тексеріңіз, әріптестермен әңгіме айтыңыз. Бастысы — экранға қарамаңыз.  

Егер жұмыс беруші болсаңыз:
– Демалыс орнын ұйымдастырыңыз. Ірі компанияларда міндетті түрде демалыс бөлмелері болады. Тіпті, ғимараттың бір этажын арнайды. Ал кішкентай компаниялар бір бөлмені арнап, ол жерге ыңғайлы диван мен ойын үстелдерін қоя алады. 
– Сапалы кәсіби жиһаз бен техникадан қаражат аямау: ыңғайлы үстел,  сапалы манитор өте маңызды. 
– Компания жұмысына сай тайм-менеджмент құрастыру: Жұмысшылардың демалысына назар аударыңыз. Егер жұмысшылар жиі ауыра бастаса, денсаулығыңа жиі шағымдана бастаса жұмыс барысы дұрыс ұйымдастырылмағанын түсініңіз. 
– Қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Күнделікті болмаса да, аптасына бірнеше күн жұмысшыға сондай мүмкіндік керек. Олардың қажеттілігін бағалайтыныңыз арқылы олардың жұмысқа ынтасын арттырады.

massaget.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!