фото: adyrna.kz
Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының өліміне қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылдың 7 қазанында Абылай Арманұлының денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйде табылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлім себебі – механикалық асфиксия.
Orda.kz-тің мәліметінше, марқұм қазасынан бір күн бұрын анасымен байланысқа шықпаған. Осыдан кейін оның анасына ұлының досы хабарласып, 95 млн теңге қарызы бар екенін және оны 5 күн ішінде қайтару қажеттігін айтқан.
БАҚ анасы ұлының пәтеріне барып, оны қолдары байлаулы, асылып тұрған күйінде тапқанын жазды.
Тергеу барысында үш бірдей сараптама жүргізіліп, барлығы жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағанын растаған.
Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жалғасуда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!