Конституция – мемлекеттің  негізгі заңы, жоғарғы заңнамалық күші бар ерекше нормативтік құқықтық акт. Конституция мемлекеттің саяси, құқықтық және  экономикалық жүйелерінің негіздерін анықтайды. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан  Жоғарғы Кеңесінің  ІХ сессиясында қабылданды. Конституция қысқа мерзімді перспективаларды қамтыды. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция жобасы қабылданды. Жыл сайын республикада бұл күн мемлекеттік басты мерекелерінің бірі ретінде аталып өтіледі. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның Конституциясы бірнеше рет толықтырып, өзгерістер енгізілген.

 Бірінше кезекте Конституция әр адамның құқығы мен еркіндігінің көрінісі, бүтін мемлекет идеологиясының келбеті болып қала береді. Біздің қоғамның әрбір азаматы өз құқықтарын, міндеттерін және ережелерін сақтап, заңдарды құрметтеуге міндетті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясы демократиялық институттарды жаңғыру, нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру жолында қоғамды шоғырландырудың қуатты факторы болып табылады.

Д.Смаилов
Шиелі аудандық сотының
аға сот приставы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!