Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің негізгі заңы, тәуелсіз мемлекеттің іргетасы, қоғам мен мемлекеттің саяси, экономикалық және құқықтық жүйесінің негізі болып табылады.
Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл күн – еліміздің Конституция күні ретінде жыл сайын аталып өтеді. Негізгі заңда мемлекет билігінің бөлінісі, адам құқықтары мен бостандықтары, азаматтық қоғамның негізгі қағидаттары нақты көрсетілген.
Конституцияның басты қағидаты – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына екендігі. Осы қағидаттың негізінде елімізде заң үстемдігі орнатылып, сот жүйесінің тәуелсіздігі қамтамасыз етілді.
Соңғы жылдары Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға, мемлекеттік билік тармақтарының теңгерімін нығайтуға бағытталған. Бұл – еліміздің демократиялық жолмен дамуының айқын дәлелі.
Конституция – тек құқықтық құжат емес, ол қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың символы. Сондықтан әрбір азамат өз елінің Негізгі заңын құрметтеп, оны сақтау – азаматтық борыш екенін терең түсінуі тиіс.
Л.Әбдуәли,
Қызылорда қаласының әкімшілік
құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған сотының
жетекші маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!