Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны 21-ге жетті. 

Апат 28 қазанда түнде болған. Алдын ала мәлімет бойынша шахтада метан жарылуы мүмкін. Бастапқыда “АрселорМиттал Теміртау” АҚ 7 адамның ажал құшқанын мәлімдеген. Көп ұзамай құрбандар саны 11-ге жетті. 

Қазір 23 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Ал 10:00-дегі жағдай бойынша шахтада 16 кеншінің қаза тапқаны белгілі болды. 

Еске салайық, бұған дейін Үкімет “АрселорМиттал Теміртау” АҚ акционерлерімен компанияның меншік құқығын мемлекет пайдасына беру туралы алдын ала келісімшарт жасасқан еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!