Кез келген кредит картасы негізінде қарапайым кредит болатынын ұмытпау керек. Маман кредит тегін берілмейтінін атап өтті. Қарыз беруші пайда көруі тиіс

Банк ұсынатын кешбэк және балл арқылы кредит картасынан пайда көруге болады. Бұл туралы «Прайм» агенттігіне «Синергия» университетінің банк ісі кафедрасының доценті Екатерина Исаева айтты.

Оның сөзіне қарағанда, егер клиент банктің жеңілдік мерзімінен шығып кетпесе, процентсіз кредит ала алады. Алайда бұл айтарлықтай қомақты сома емес.

«Қарыз алушыда ақша жинамай,  тауарды дәл қазір алу мүмкіндігі бар. Мұндай карта қарыз алушы мен кредит беруші банк арасындағы алшақтықты азайтады» – деді Исаева.

Бірақ кез келген кредит картасында қарапайым кредит болатынын ұмытпау керек. Ол үш негізгі қағида бойынша жұмыс істейді: жеделділік, төлем қабілеттілігі және қайтарылуы. Маман кредит тегін берілмейтінін атап өтті. Қарыз беруші пайда көруі тиіс. 

sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!