Сауд Арабиясының «Аль-Наср» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду христиандық ишара жасағаны үшін жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Араб чемпиондарының клубтық кубогының «Әл-Наср» мен «Аль-Шорта» арасында өткен матчы кезінде Роналду 75-минутта пенальти тепті, бұл ойындағы жалғыз гол болды. Гол соққаннан кейін португалдық христиан дініне тән шоқыну ишарасын жасады. Енді ол осы әрекеті үшін жаза арқалап, қамауға алынуы мүмкін. Өйткені Сауд Арабиясында христиан дініне қатысты кез келген қимылға тыйым салынады. Осы дінге байланысты кез келген ишараны көрсету қылмыс болып саналады.

Осылайша, португалдық ойыншының қамауға алыну қаупі бар, бірақ жергілікті билік оны жазаламайды деп сенеді. Алайда, ол клуб басшылығынан сөгіс алуы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!