Күкіртсутек – тәтті дәмі бар түссіз газ, шіріген жұмыртқаның өзіне тән жағымсыз ауыр иісін шығарады. Өте улы. Аз мөлшерде күкіртсутегі бар ауаны ингаляциялау бас айналуды, бас ауруын, жүрек айнуын, құсуды тудырады, ал айтарлықтай концентрацияда комаға, конвульсияға, өкпе ісінуге және өлімге әкеледі.
Жоғары концентрацияларда бір рет ингаляция лезде өлімге әкелуі мүмкін. Күкіртсутек табиғатта ілеспе мұнай газдарында, табиғи газда және жанартаулық газдарда сирек кездеседі. Күкіртті сутегімен улану токсикант концентрациясы >0,006 г/м3 аумақта ұзақ уақыт болған немесе газ мөлшері 0,3-0,5 г/м3 асатын үй-жайда қысқа уақыт болған кезде болады. Тәуекел тобына күкіртсутекті пайдаланатын кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ тау-кен және мұнай өндіру салаларында жұмыс істейтін мамандар кіреді. Ауыр жарақаттар, негізінен, өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде, бір мезгілде көп мөлшерде удың маңайына таралу кезінде болады. Уланудың ең көп тараған себебі – тез буланып, газға айналатын сұйық токсиканттың төгілуімен жүретін өндірістік апаттар. Оның ең көп концентрациясы ойпаттарда, жертөлелерде және құдықтарда болады. Газқағарлар улы заттың мөлшері 0,5-0,6 г/м3 төмен болғанда ғана тыныс алу мүшелері мен көзді толық қорғауды қамтамасыз етеді. Уланудың алдын алу үшін зертханаларда, шахталарда және өндірісте жұмыс істегенде келесі қауіпсіздік шараларын аса жауапкершілік сақтау керек.
Қауіпті аймақтарда жұмыс істейтін қызметкерлер респираторлармен, газқағарлармен немесе өзін-өзі құтқару құралдарымен қамтамасыз етіліп, қорғаныс құралдары қауіп деңгейіне және ықтимал токсиканттың шығарылу көлеміне сәйкес таңдалуы қажет. Жеке қорғаныс құралдарының жұмысшыға жақын жерде сақталуы маңызды.
Г.ТАЖБЕНОВ,
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау басқармасының
бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!